Posted in

КӨРІҢДЕ ӨКІРГІР!

Қарғыс, қиналып өл д.м. * Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз… Ж.Айм. ~ Жәмиға көбінесе асырап алған баласы Алданышты қарғап-сілейтін. «Көгермей көктей солғыр, жетпей желкең қиылғыр-ай, көріңде өкіргір, он екі кесектің астында қалғыр, иттің ғана баласы, қайда жоғалып кеттің? Қ.Бегм.