Posted in

КӨСІЛІП (КӨСІЛЕ) СӨЙЛЕДІ

Шабыттана, желпіне, еркін сөйледі. ~ Сондай біреу болмаса, өзінен біреу именетін кісілерімен көсіліп сөйлесе ала ма? Ж.Айм. ~ Көкен көсіліп сөйледі, Көшен оған қосылып сөйледі. Көшен оған қосылып сөйлеген соң, Көкен тосылып сөйледі. Жаңылтп. ~ Иығынан зілбатпан жүк түскендей жеңіл күрсінген тілші көсіле сөйледі. Сөйтсе редактордың міндеті ауыр екен. М.Қаб. ~ Жаңа дүниенің бейнесі алып поездан көрінсе, жаңа қауымның бейнесі алғыр жастан көрінді. Тойпаңы жазылып, біраздан кейін көсіле сөйледі Мейрам. Ғ.Мұст.