Posted in

КӨТІ (АРТЫ) БЫЛҒАНЫШ

Ары таза емес, әлдебір жазығы, күнәсі бар адам туралы. * Әй, оның қолынан келер ме екен? … Біреуге сенбей ондай көті былғаныш адам іс қыла алмаса керек, – деп қасқыр көзді көне адам тағы бастырмады. Ж.Айм. ~ Хан-төре бізге губернатормен арамызда таза тіл-хат бола алмайды. Өйткені өздерінің арты былғаныш . Б.Аман. ~ Осы тыныштықты “қорқақ – бірінші жұдырықтайды” дегендей, биліктің өзі бұзды. Оның үстіне қорқақтың арты былғаныш болса, “қос көрінеді”, екен, реалды емес, виртуалдық өмірдің батырларын өздеріне төнген тажал деп ұғып, бірінен кейін бірін түрмеге тықты. Г.Қыст.