Posted in

КӨШЕГЕ СЫЙМАЙДЫ

Өте көп, нөпір; сеңдей соғылысты. ~ Сен жиырмаға келгенде Ақсұңқардай түледің, Алыстан тоят тіледің. Ақтан болды күніңіз, Арсы менен күрсіге Дау таласты үніңіз, Енді сенің бұл күнде, Бір көшеге сыймайды Азаткер де құлыңыз. Қожаберген жырау. ~ Кешегі тыныштылық кезде қолдың саласындай болып, көшеге сыймай жүретін жігіт -бозбалалар қазір көрінбейді. Б.Соқ.

  1. Көңілі өрекпіп, жүрегі алып-ұшты. ~ Он сегіздегі көшеге сыймас көңілді шақ‚ әрі студент аты бар. Қ.Түм. ~ Бірақ жұрттың көбі майданға аттанып, өзгелері Отан үшін жан аямай қызмет істеп жатқанда қарап жүрген дені сау жас адам көшеге сыймайды екен. Т.Ахт.