Posted in

КӨШКЕ ЕРГЕН (ЖЕТІМ) ТАЙЛАҚТАЙ

Әлдекімнің ырқына кету, біреудің соңына еріп күн көру, жан сақтау туралы. ~ Құдайға шүкір, көшке ерген тайлақтай, алдыңғы керуеннен қалсақ адасып, азулы бөрілердің … әзірге аштан өліп, көштен қалып жатқанымыз жоқ. А.Өтег. ~ Емессің соңы, Есіңе ал соны, Көшке ерген сен де тайлақсың. Тозған ба бұдыр, Табаның ығыр Болғандай неге тайғақсың? Н.Айт. ~ Ол әншейін көшке ерген жетім тайлақтай салпақтай бермей, қайткенде іргелі ел, жоралы жұрт бола алатындығымызды даусыз мойындататындай өрелі мақсатты дер кезінде дәл тауып қоя білді. БАҚ.