Адасқып, қаңғырып қалған, ешкімге керексіз болған адамның күйі туралы. ~ Жуан ата ожарлар, Тігісінен сөгіле, Шынжыр балақ шонжарлар Аласталып қалып тұр Іштен түскен түсіктей. Енді олардың жоқшысы Көштен қалған күшіктей Көй-көй күйін салып тұр. І.Жанс. ~ Болмасаң, Азаттығым, арқатірек, Жүректің шерін қашан тарқатып ек? Адасып көштен қалған күшіктей боп, Бүлкілдеп боз далада жортатын ек. Н.Айт.
