Posted in

КӨШТЕН ҚАЛҒАН

Қатарынан адасқан, жұртқа ере алмай, артта қалған д.м. ~ Ұлтшыл деп сөгеді қазақ жасын, Қорғау дұрыс емес деп әркім басын. Көштен қалған қаңғырып қазақ жаяу, Неге алдыңғы керуенге апармасын? Шәк. ~ Көштен қалған “калхоз” деп сөгетіндер. Не десе о дей берсін мәңгүрттеніп, Өз Елін өзегінен тебетіндер. БАҚ. ~ Биыл Өзбекстан билігі тәжірибе жүргізіп, тозығы жетіп, көштен қалған ауылды мемлекеттегі гүлденген ауылдардың бірі етіп өзгертті. БАҚ.