Ұзыннан ұзақ, тым ұзын, әжептәуір қашық, сала құлаш. * Сəуірдің алашабыр бұлты арылмайақ Баянауыл, Қызылтаудағы қалың сүйіндік атандарын алқынтып, бұйдасын көш құлаш созып, Бекембай, Арқалық, Жаманадыр, Желдіадырдан асып, Шідертіге қарай ағыл-тегіл құлай бастайды. Ж.Айм.~ Осынау көш құлаш сорттаманың еш тармағына жатқыза алмайтын екі-ақ еркегі бар. Біреуі — Себепбаев, екіншісі — Күзембаев. Екеуі де былайғы жұртқа атымен ұқсамайды. Ә.Кек. ~ Жексембінің таңы-тын. Сәске шамасында бұның терезесінің алдына Себепбаевтың машинасындай көш құлаш жылтыр қара машина кеп тоқтағаны. Ә.Кек. ~ Қазір ауыл дүкеніне сары май айына бір түседі. Мамаларым кір сабын сатып алу үшін көш құлаш кезекке тұрады… М.Қаб. ~ Осыдан кейін Шынар туралы көш – құлаш әңгіме туып, Елеусіздің осы жаққа жол тартуына себепкер болған еді. Сондағы Нұршасы осы. Т.Әл. ~ Көрмеген жәндігім: Ертіс пен Бұқтырманың шортаны жыландай жіңішке, басы сүйір келуші еді, мына жәйіннің ұзындығы көш құлаш, денесі дөңбектей, аузы арандай, басы крокодил дерсің, газикке көлденең салғанда құйрығы ендемей қалды. Қ.Ысқ.
Төменде: кейбір қос сөздердің бірге жазылып, ФЕ қасиетін жоятынына (формальді түрде! мысалдар: ~ Задында ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс ұлықтың осындай мінезі болады, – деп, адамгершілік жайында көшқұлаш әңгіме шертіп кетті, Шәріп «әрине ғой! » «жөн ғой! » ~деп бас шұлғып отырды. Т.Әлім. ~ Көк кіреуке мұз құрсанған көкжойқын Есіл көшқұлаш қашыққа қол созып, сыр бүккен сəтте көлбеп жатыр. БАҚ. ~ Көлденеңі көшқұлаш сала мойын тұлпарларға тізесін соқтыра жабу жабылыпты. Ә.Кек.
