Posted in

КӨҢІЛГЕ КІРБІҢ ТҮСІРДІ (ТҮСТІ, КЕЛТІРДІ))

Жүрекке мұң ұялатты; көңілін бұзды. * Мына шамы құрғырды жақпай-ақ қояйын десем… — Неге, жүдә, жақсы болды. Қараңғы үй көңілге кірбің түсіреді екен, – деді Оразбике. Бипаздап айтты. Тосын еркелік танытқандай. Қ.Най. * Арқадағы алты арыс түгел жиналғанда, Қаз дауысты Қазыбек маңындағы Қаракесек ауылдарының тым-тырыс жатып алуы көңілге біраз кірбең түсіргендей болды. Қ.Жұм. * Әкесі бұлардан ажырап, басқа әйел алып кеткенде көңілге түскен кірбең болмаса, бұл өмірден бәлендей қысымшылық көрген жоқ. Қ.Жұм. ~ Мен тек саусақтарымның білінер-білінбес болып тартыла бастағанын сездім, бірақ көңілге кірбің келтірген бұл сезім де ұзаққа бармады, жойылды. Ж.Верн.