Posted in

КӨҢІЛГЕ ТОҚТЫҚ ҰЯЛАТТЫ

Мерейін өсірді, қуаныш сыйлады. ~ Қыста қасқырша ұлыған желі, жазда шекені тескен аптап ыстығы, жұтқанда жүрегіңе жететін жұпар самалы, күлгенде айдың бетінен түскендей әппақ тісі қаланған бойжеткені, тоңып секірсе де, тойып секірсе де сыр бемейтін бір сөзді бозбаласы көңілге тоқтық ұялатады. Д.Дос. ~ Самаурынның шыж- шыж етіп, көңілге тоқтық ұялататыны, Айжанның ауыз үйден кеп дастарқан жайып, сусылдаған жібек халаты желбірей қасынан өткені, зілсіз әзілі арқа- басын кеңітіп жадыратып жіберетін. М.Сүн.