Posted in

КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ САЛДЫ

Уайымға салды; көңілге кірбің түсірді. * Жаратушы Алланың мұны бергеніне де шүкіршілік, дегенмен шаштың ағармағаны көңілге қаяу сала береді. Сақалмұрттың өзіне де соңғы кезде ғана қылау жүгірді. Ғ.Біл. * Тағдырдың талай тауқыметін, тіршіліктің көңілге қаяу салар көлеңкесін өлеңге арқау еткенде, ақын оған ашынудан гөрі, не қаһар төгіп айтудан гөрі, сәби маңдайын сипап отырып, кемшілігін мойындатқандай сезіммен төгіліп, елжірей жазады. Ш.Сар.