Көңіл-күйге демеу, медет, сүйеу болды. * Тілеудің де ізі бір жола жоғала ма? Ол соққан жекей, ол жасаған бұйымдар да мәңгілік емес шығар, тозар. Сонда көңілге қуат не болмақ? Ә.Кек.~ Қайрат сөмкесін сүйретіп шешесінің сыныбына барды. Өсерден айына бір хат келіп тұр, сол көңілге қуат.
С.Досж. ~ Бүгін жау жағы тыныш жатыр ғой, қажыған көңілге қуат бере ме екен, солардың ерлігін айтсаңыз қайтер еді? І.Ес.
