Posted in

КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Ойлағанындай болды, риза қылды. ~ Қазақ көмекке келмесе, күніміз не болар еді? Шын көңілден шыққан сыйымыз ғой, батыр. Б.Нұрж. ~ Парикмахер сыр білдірмейін дегендей ол – пұл қалжың айтқан болды, бірақ бұнысы кешегідей жарқын көңілден шыққан қалжың емес сияқты, артында зілі бар қалжың сияқты. С.Мұқ. ~ Таң-тамаша: қазақта “қызды оқытса бұзылуға себеп” деп, қара көңілден шыққан сөзді ойына алып, сол арада жан жеріне тигендей құшырланып-құшырланып айтып жібергені мынау екен… С.Тор.