Қағынды, ойы бұзылды, жолдан тайды, құтырды. ~ «Ие, дұрыс. Дұрыс. Оу, қатынның көңіліне желік кірді дегенше, құдай ұрды десейші», – деп ойлады … Ә.Нұрп. ~ Әйел көңіліне желік кірсе, әлдекіммен әуейіленсе тірек тапқаны, «сенің базарың тарқап», қызығың таусылғаны. Қатын ол кезде шыбық тимес — шыңқ етер, қамыс тимес — қаңқ етер» кінәмшіл, жаңа, бойына біткен жас сезімнің құлы. М.Сүн. ~ Ауқан Жанбозға қоңырау шалды да, көңіліне желік біткендегі әдетін аңғартып, ақтарыла сөйлеп, лекітіп күле берген. Д.Қуат. ~ Көңіліне желік бітіп, көшенің қарсы бетіндегі сұрғылт үйлерге, маңайына керги көз салып тұрған бұған иіліп сәлем берген біреуі жоқ. Н.Сер. ~ Бұл – Саламат. «Сынықтан өзгенің бәрі жұғады» деген- ау: көңіліне желік бітті ме, қалай әңгірлей үн қатты. М.Сүн.
