Posted in

КӨҢІЛІНЕ КІРБІҢ ҰЯЛАДЫ (ІЛІНДІ, ТҮСТІ)

Жаны жабықты, мұңайды. * Кім біледі, оның көңілінде де кірбің ұялап жатқан шығар, өйткені мына безбүйрек өмір дәл өзіндей нәзік емес қой. А.См. *Әңгімешіл жігітті бағдарлай қарай бастадым. Көңіліме бір кірбің ұялап, жіпсіз байланғандаймын. Әрі- сәрі күйдемін. М.Сүн. * Сол алты жылдың бойында келін ренжіп қалмасын, келін кенделік көріп жүрмесін, қабағы кірбің тартпасын, көңіліне кірбІң ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Ғ.Біл. Мұңая қалды. * Бірақ әзер тұрса да, қабағына кірбің ұялатпай, үстіне Тоқтастың ескі күпәйкесін киіп, үй ісіне араласып кетті. Т.Нұрм. * «Жоқ… Жалған айтасыз, опынбаймын. Сонан бері Наурызға өзімді арнадым. Қас қаққан жағынан табылармын. Қабағына кірбің ұялатпаспын дедім. М.Сүн. * Апа, соның не қажеті бар?- деп Жансая қабағына кірбің ұялатты. Д.Досж. * Қалайша, бәлкім сенің жаныңда бақытсыз сезінетін шығар? Менімен жүргенде, қабағына кірбің ілініп көрген емес! Т.Сәу.

ҚАБАҒЫНА КІРБІҢ (ҚАЯУ) ТҮСТІ Кейіді; қапаланды. * Осы аста бір Жылқайдар емес, бар жақайымның мәртебесі бір көтеріліп қалғандай… Бірақ, қайтатын күні қабағына кірбің түсті. З.Шүк. ~ Желдібайдың бұл өтінішін әбес көрді білем, Елемес қабағына кірбең алып: − Байдан ақы даулап алып беретін мұғалімді сот деп ойлайсыз ба? – деді. С.Ом. * Расында да қабағына қаяу түсіп, көкірегінемұң ұялаған пенденің көптен оқшау, өзімен өзі сырласып, ұзақ толғануы да бір медет-ау, сірə! Е.Мұх. * … жылауы көп, күлуі аз ауыл оның да қабағына қаяу түсіріп, көбінде үнсіз, ұзақ ойда жүретіндей тұңғиық мінезге итермелегендей еді. Е.Мұх. * — Емделмей ме? — Оны өзі біледі…—”Ендігің артық сөз, тоқтай қал” дегендей көкесінің қабағына кірбің кірді. М.Қаб. ~ Бұл Жылқайдар батыр еді. Тайлақ бидің асынан қайтқан беті. Талдыөспеде төрт қонды. Ақтұлпары бәйгіден келді. Осы аста бір Жылқайдар емес, бар Жақайымның мәртебесі бір көтеріліп қалғандай… Бірақ қайтатын күні қабағына кірбің түсті. З.Шүк.