Posted in

КӨҢІЛІНЕ МЕДЕУ ТҰТТЫ (КӨРДІ, БОЛДЫ)

Қолдау көрді, демеу санады. ~ Әйтеуір, балаларының бетіне шіркеу боларлықтай жаманат жабыспағаны анық. Соны ғана көңіліне медеу тұтады. Ш.Бейс. ~ Бiрақ, сiз тарапынан айтылған жылы сөздi көңiлiме медеу тұттым. Рахмет, менi көрмей жатып жәрдем қолыңызды созғаныңызға. Ә.Ыб. ~ Аспаз шалдың көңіліне медеу тұтар қарасы — он сегіздер шамасындағы Мария деген жалғыз қызы. К.Паус. ~ Демейтін сары қымыз сапырмадың, Шетінен сындырып жеп қатырманың. Көңіліне үлкен медеу көруші еді, Анасының алдында отырғанын. М.Айтх. ~ Айдар кішкентайынан “Қосшы” футбол командасында ойнайтын. Əкесінің жатқан жерін тауып, топырақ тастап, көңіліне медеу болуы үшін бейіт басындағы емен ағашының шыбығын алып қайтады. С.Бақ. ~ Есектер адамның жанына жалау, көңіліне медеу болып, адал қызмет етеді. Ерекше күтім де тілемейді, жоқтан өзгені тамақ етіп жүре береді. Қ.Балғ.