Posted in

КӨҢІЛІНЕ ШАЙТАН (САЙТАН) КІРДІ (ҰЯЛАДЫ)

Ниеті бұзылды. * Көңілге шайтан кіріп, нәпсі қалқып, Айырылдым патшалықтай бала жастан. Шәңг. Бөк. ~ Анау бір жылдары трестегі кассир қызбен әуейі боп, көңіліме шайтан кірген кезде, «осы қатын шынымен қата қалар ме екен, әлде ажырасам деп байбалам салса, сыныққа – сылтау, қисая салуға жақсы” деп, мұртымды қырып тастап ем… Т.Сәу. * Арбакеш, орта жастардағы, әлі күші таймаған адам, бай мырзаның сұлу әйеліне қызыға қарайды. Көңіліне сайтан ұялаған адам аздан соң, ұят-аятты ұмытып ашық сұқтана бастайды. Т.Әс.