Posted in

КӨҢІЛІНЕ ҚАНАТ БІТТІ

Шаттанды, рухтанды, көңілі масайрады. ~ Үлкен адамша қол беріп қоштасқан Ақпар есегін тебініп жөніне кеткен соң, көңіліне қанат біткендей болған Бекен де қара есегін тепеңдетіп отырып, көгалға жабыса қалған сиырларды үйге қарай қуып берді. С.Әб. ~ Әлгі өзі ұнатқан емші аруақты бабаларыңның басына барып түне деп тапсыр- ған еді. Ұзын жолға шыққалы көңіліне қанат бітіп, кәдімгідей ширап алды. Таяқсыз жүріп кетуге бейіл. Ө.Кәр.~ Әлгі өзі ұнатқан емші аруақты бабаларыңның басына барып түне деп тапсыр- ған еді. Ұзын жолға шыққалы көңіліне қанат бітіп, кәдімгідей ширап алды. Таяқсыз жүріп кетуге бейіл. Ә.Әб. ~ Үйгентастың белі, Қоянды, Аралтөбе, Күреңбел, Сарытөр, Ұзынбұлақ, Қарғалы, Сарыбел, Ойжайлау, Шажа, Аққайқы, Көлжота, Қызылқия, Қоңыр сынды әсем жерлер көрген адамды көңіліне қанат бітіргендей қуантады. Б.Нұрж.