Жөн санады, дұрыс деп тапты, шын ниетпен қабылдады. ~ Оның ұсынысы Арсланның көңіліне қонып, баласын алып келгенше күтетін болып, үйден шықпауға келісті. С.Досж. ~ Оның үстіне шиеттей жас баламен қалған жуас келіншекті аяйды. Жаңағы Дос сөзі көңіліне қона кетті. Ә.Нұрп. ~ Иә, талай көрген – әбден ысталған теріден тігеді екен. Мына Жаламаның басы сол торсықтай болып ысталса қандай жақсы… Дашының көңіліне қона кетті». Т.Жұр.
КӨҢІЛІНЕ ҚОНБАДЫ
Түсінбеді, дұрыс деп таппады. ~ Ауылдың желкесіндегі су бөгеті бұзылып, тұрғындар ауыр трагедияға ұшырағаны рас. Алайда алғы сөздің «Өлгендер қайтып келеді» туралы бұдан арғы пікірі көңіліме қонбады. Ш.Ел. ~ …немқұрайлы дауыспен айтқасын ба, кісінің көңіліне қонатын емес. О.Сәрс.
