Сабасына түсті (түсірді). ~ Сол себепті де, міне, әлі жалғызбын. — Қыз көзіне мөлтілдеп жас келіп, теріс айналды. Сәлден кейін босаңсыған көңілін басып, салмақпен сөзін жалғастырды. Г.Сейіт. ~ Іңкамал апай, абыржымаңыз, ештеңе де болған жоқ,- деді Тінәлиев оның көңілін басып. Ш.Айт. ~ Бір қызығы — нағашым ұрысқанда, көкем шынымен- ақ кінәлі адамдай мойнын салбыратып үнсіз отырып алатын. Мұнысы қатал мінез Серкебайдың көңілін басу ғана еді. Б.Мом. ~ Шәңгерей оның көше бойында екпіндей сөйлегенін жақтырмай, «Сен массың» дегенді Ғазиздің алдына көлденең тартып, оның көңілін басу үшін айтқан еді. Б.Бұл.
