Ренжіді, өкпе сақтады, * Қадірменді ағайындар, бар сөздеріңді көңілге дық алсам да, амалсыз құп алғандай таласқа барғым келмей отыр еді. С.Жүн. * Елтай қарап тұрып айдалада қалды. Оны көңіліне дық алған жоқ, екі сәлемінің біреуі жауапсыз қалатын жетім ғой. М.Қаб. * Көп сөйлесек те, өмірден үн-түнсіз кетіп бара жатқан қарттармыз, қиыс келсек, көңіліңе дық алма. М.Қаб.
