Posted in

КӨҢІЛІН КІР БАСТЫ (КІРЛЕТТІ)

Ниеті бұзылды. ~ Тазалап тұрмасаң үй-іші де былғанады, киімді жумасаң кірлейді. Адам да сондай, ізденбесе, оқымаса, жұртпен араласпаса, іштегі ойын айтпаса, көңілін кір басады. Ә.Ысқ. ~ Көңілін кірлетпей, сезімін қожыратпай, жүрегін таза ұстаған есіл еңбегін зая жіберіп бір еркектің бағы- нышты пендесіне айналу деген неткен қорлық еді! Ө.Кәр. ~ Студенттер ортасы өзінше бір ду-думан. Қыз деп, қызық деп жүгіргіштегендерге қосыла қоймады. Көңілін кірлетпей таза ұстауға тырысты. Ө.Кәр.