Posted in

КӨҢІЛІН КҮДІК ЖАЙЛАДЫ

Әлденеден сезіктенді. ~ Сеніп тұрғанның езінде жамандықты көп көрген жүрегі май ішкендей кілкілдеп бүтіл көңілін күдік жайлап кетеді. Ә.Нұрп. ~ Ол сәйгүліктің төсіндегі жұдырықтай қара таңбаны әуелде- ақ жамандықтың белгісіндей көріп, көзі түскен сайын көңілін күдік жайлап ала беретін. А.См. ~ Қанша шашқанымен құмалақ дұрыс ашылмай, дүмбілез көңілге әлдебір күдік жайлатып, тұйықтана берген соң, екі қолымен жер тіреп, орнынан тұрды да, тысқа беттеді. С.См. * Шайханашының онсыз да да күпті көңілін енді күдік жайлады. О.Сәрс.

КӨҢІЛІНЕ КҮМӘН (КҮДІК) КІРДІ

Әлденеден сезіктеніп, сенімсіздік танытты. ~ Сейтеннің көңіліне күмән кірді. Бірақ Ожар оны бұл күдіктен ада етті. Сейтен көргенді бұ да көрген екен. І.Ес. * Сонан кейін Мартиннің көңіліне де күдік кіре бастаған. Дж.Лонд.