Posted in

КӨҢІЛІ АЛАҢ (АЛАҢДАДЫ)

Жаны тынышсызданып, алабұртты. * Біраздан бері көңілі алаң боп, жүк астына тереңірек ысырып тастаған қобдиын қайта ашты. Ә.Кек. * Шлагбаумнен ары қарай асфальт жол салыныпты. Мұншама мұқият құрылысты көріп Едігенің көңілі алаң бола бастады. Ш.Айт. * Сан түрлі ойлар қамалайды. Көңілі алаңдап, әлдебір жарқын мереке күткен жандай болады … Ш.Айт. * Заман ағымына ілесіп ойдан- қырдан тоғысып, құмды паналап, құдықты сағалап қотарыла қонып, көтеріле көшіп жүрген көңілі алаң көпшілік – нөпір. Ү.Жәл. * Әзірге ешкімге ештеңе айтпайын деп ұйғарды. Себебі көңілі алаң болатын. Я бақ, я сор екені белгісіз, әйтеуір түсініксіз бір нәрсенің тақап келе жатқанын сезген. Т.Әс. ~ Апыл-ғұпыл жан-жағына қарап, ешкімнің көріп тұрмағанына көзі жетіп, тез басып үйге кірді. Көңіліне алаң кіргені анық еді. Сыртқа қайта шыққан. «Сағындың ба?» әні әлі төгіліп тұр екен. Е.Жең.