Жақсы көреді, сүйеді, дәмелі. ~ Самарқанның Айбаршада көңілі барын естіген Масақбайдың тілегі соның жағында болып, шамасынан келсе алып беруге тырысады. С.Мұқ. * Егер маған деген титей көңілің болса, үн шығарма! Қыз үн салып жылай бepiптi. – Маған мүлде разы емеспісің?! Қ.Шабд. ~ Мәнауды қия алмайтынын, әйтсе де тая соғып, табан тіреуге тәуекелі жетпей жүргенін, оны жылқы фермасының меңгерушісі Сойдақтан өле қызғанатынын, Сатан қойшының әнші қызында да көңілі барын пысықтады. Ө.Кәр. * Жұрттың ұққаны Уәп зергердің баласы жалшы Қозбағар, ойын үстіңде күшке салып Пахраддиннің қызы Хансұлудың бетінен сүйген. Қыз жылап қалған. Қозбағардың қызда көңілі болған. С.Елу.
