Жаны жайланды, рухы артты.~ Мәмбеттер жолдан бұрылып, ауылдың сырт жағын айналып, қыз белгілеген жерге келді. Айтқан жерінде екі тең нәрсе жатыр. Жігіттердің көңілі бекіді. І.Жан. ~ Енді құр уайымнан ештеңе өнбесі, өліктен адамның суитыны, тағдырың құрығынан пенденің қашып ұтылмайтыны… – бәрі, бәрі түсінікті-ақ секілді. Бірақ Қожекеңнің көңілі бекімеді. Т.Әбд. ~ Шыбын-шіркей үймелеген жылқының жас тезегі де әлі кеуіп жетпегендіктен жүргіншілердің көп ұзамағандығына көңілдері бекініп, бүгін кешке қалайда жетеміз дегендей. І. Жанс.
