Жоқтан өзгеге өкпеледі. ~ Көңіліңіз бір атым насыбайдан қалған соң, солай дейтін боларсыз, – деді келісімге бергісіз қарсылық айтқан болып. – Әйтпесе, Қосекеңді ондайға қимаймыз. Т.Сәу. ~ Әу, онысы жөн емес. Шырақ, сен дұрыстап түсіндір. Адам көңілі бір атым насыбайдан да қалады. С.См. ~ Айтқанының өзі нағыз жігіттік емес пе? «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген. М.Сүн. ~ — “Ау” дейтін ештеңе жоқ. Болды. Ердің көнді бір атым насыбайдан қалады. Қалдырмаңыз көңілімді, – деп Тәсібек ала – көздерін елжірете қадап, құйрығымен жылжып жақындай түсті. С.См.
