Posted in

КӨҢІЛІ БҰЗЫЛДЫ

Уайымға салынды, қабағы кірбің тартты; қатты толқып, қобалжыды; көңілі босады. ~ Махмұттың көңілі бұзылайын деді. Қартқожа басқа сөзге жұбатқысы келді. Ж.Айм. ~ Қалағанның осы тұста даусы жарықшақтанып, кемсеңдеп көңілі шын бұзылды. Т.Әбд. ~ Толғанайды көрсе көңілі бұзылады деді ме, мені оқуыңды жалғастыр деп, мұхит асырып Америкаға жіберді. C.Досж.

  1. Ниеттен тайды, ойы бұзылды. ~ Ішкен кісінің ойына қай-қайдағының түсетіні бар емес пе, сондай-ақ ревизор жолдас та
    масаң көзбен айналасына жағалай қарап отырып, ақырсында көңілі бұзыла бастады. О.Сәр.