Кет әрі емес, іштей ұнатады. ~ Ғазиздің байқауынша, Лиданың көңілі бөтен емес. Ол кейінгі уақытта Ғазизге үйренісіп алды. Б.Бұл. ~ Жігітке тура қарамай, бір қырын, жүзін бұрып әкетті. Науан оны өз пайдасына шешті: «Көңілі осы маған бөтен емес-ау», — деп ойлады кәдімгідей соған марқайып. М.Сүн. ~ Қуан күйеу баласының көңілінің бөтен еместігін, айтуы орындылығын сезсе де, анау бір үніндегі мен– мендік, өкіреңдік ит жынын құрыстырған да қатты сөзге келіскен. Көрместей боп ол кетті, «жоғал» — деп шиыршық атып бұл қалды… М.Сүн.
