Ойы екі бөлінді, бір шешімге тұрақтай алмады, мәре-сәре болды. ~ Сонда баратынын естігенде бала жігіт көңілі екі ұдай болды, барғаны, атақты, мақтаулы жайлауды, аталар, бабалар мекенін көрмек жақсы, әрине… Ә.Тар. ~ Дәл сондай үрпиген үрейлі бүлдіршіндер жан-жаққа бытырап кетіп бара жатты. Қызымен табысқан ананың көңілі екіұдай халде қалды. Ә.Ыб.
