Posted in

КӨҢІЛІ ЖАБЫҢҚЫ

Жабырқау, қамыққан көңіл-күй туралы. ~ Екі қолын артына ұстап, қозғалмай, ол осы қалпында ұзақ тұрды. Көңілі қазір өте жабыңқы. І.Есенб. ~ Енді орта дәрежелі білімі бар ойлы қыздың Мейрамды көргеннен кейін жабыңқы көңілі жарқ еткендей болды. Ғ.Мұст. ~ Бірақ осындай ұлы дүбірде жүрсе де Халелдің көңілі жабыңқы. С.Жүн.