Posted in

КӨҢІЛІ ЖАДАУ

Жүзі жабырқау, жүрегі мұңды. ~ Асан. Сен Қарагөзді жылаған қыз деп шашпауын көтердің, наразылық мұңын да айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйінде жырлап келесің. М.Әу. ~ Кейде алыста бұлт астында бір орнынан тапжылмай, жүзі сынық, көңілі жадау көрінгенде мұңайып, көңіл сүймес, жан қаламас алыс-суық сапарға аттанатын кісендеулі арудай. С.Жүн. ~ Бір жамбастай отырған Қадишаның жадау көңілі әлденеге босап, жабырқай берді. Есіне алыста Үлкен Қараой жақта жатқан елі, төркін жұрты түсті. С.Жүн.