Posted in

КӨҢІЛІ ЖАРЫМ (ЖАРЫМЖАН)

Қайғылы, шерлі; жаны жабырқау. * Көңілі жарым… жалғызсырап жүрген адам ғой… Жарайды дедім. Ғ.Мүс. ~ Сол жау жүрек батыры, сенімді серіктерінің бірі, қан майданда оза шабатын жүйрігі елден ерекше қам көңіл болып қалғанына көшбасының да көңілі жарым. Т.Рыск. * Ал Алексей қалай жарқырап күлсе де, қоңырқай көзінің тұңғиығынан әлдебір мұңның бұлты сейілмейтін. Жалындаған жар құшағында жатса да көңілі жарым, күрсінуі жиі Т.Сәу. * Сонда Әлпеш қайтеді? Ол ұяттан жанып кетер-ау. Көңілі жарым ғой тіпті көтере де алмас. Н.Сер. * Байғұс мамам, әлгі әңгімеден кейін қандай күйге түспекші. Ішкені ірің, жегені желім болады ғой. Онсыз да көңілі жарым адамды азапқа салып өлтіретін болдым-ау. Б.Соқп. * Көңілі жарымжан боп, өзін далаға тастаған шіріген жұмыртқаға балап, қайғы жұтып жүрген Ақбөпе бүкіл үй іші көшіп келгендей қуанып, бір жасады. С.Жүн.