Posted in

КӨҢІЛІ ЖАҚЫН

Сыйлас, ой-пікірлес, ортақ мүдделі. ~ Күздігүні Мағаш, Абай, Кәкітай болып қосылып және бірнеше малы шағын, бірақ көңілі жақын көрші ауылдарын қосып, жеке бір қос жылқы құраған да, отарға шығарған. М.Әу. ~ Құтты болсын айтқанға тамылжыған сөз, азды-көпті сый-сияпат табылар-ау, бірақ көңілі жақын қауымға деген осынша ықылас-пейіл, ыстық көңіл қай жерінен шыға береді!.. Т.Шап.

  1. Ашына, көңілдес жандар хақында. ~ Кәтен … Мұңлықпен біраздан көңілі жақын, сондықтан да бұл үйге емін-еркін келіп-кетіп жүретін жігіт еді. Н.Сер.