Posted in

КӨҢІЛІ КЕРЕҢ

Жан дүниесі меңіреу, түйсіксіз адам туралы. ~ Ендеше, Қадеке! Әкесі құрдастың баласы құрдас дейді ғой. Оғат айтсам ғафу етіңіз! Бірақ аса бір көңілі керең кісі болмаса, өлеңді сүймейтін жан бола ма? М.Әу. ~ …көңілі керең кісі болмаса, өлеңді сүймейтін жан бола ма? Менің әкемнің де сүйетін өлеңі болар. БАҚ. ~ Ол әдетте: – Құдай-ау, мынау не жан, не адам?!– дер еді. Кемпір күні бүгінге шейін өстіп шошынады. Бірақ Қабеннің көңілі – керең, көзі жалғыз түс – қызылды ғана көрді. Ж.Нәж.