Құмартты, қызықты. ~ Нұрыбайдың тентек немересі бас тартпаған үйдің қазан-ошағын қиратып кететіні бар. Сонан келе бір аттың майын беруге жарамайды. Бәйділда қазір Тәуірде өткен-кеткен өкпе-кінәсін жіпке тізіп жатыр… Бір жылы Тәуірдің көк жорғасына көңілі кетіп, қолқа қылғанда беті қайтқан… Өмірі Тәуірдің үйінен бір аяқ көже ішіп көрмегенін де ойлап қойды. З.Шүк.
