Posted in

КӨҢІЛІ МАРҚАЙДЫ

Бойын қуаныш биледі, мәз болып, масаттанды. ~ Өзінің жалғыз басты тірлігіне ажырғыдай телінген азапты күндерін ойлағанда бүгінгі еркін тірлікке көңілі марқайып, мәз болды … Б.Жұм. ~ Өзі де жарым көңіл Серіні тастап, көңілі марқайған адал жанның ренішін қалай арқалай кетпек. Қол үшін берген адамға алғысы ма ол. Су Құсайын осыны ойлаған еді. С.Жүн. ~ Ниет білдіріп тайлы-таяғына дейін келгенге көңілі недәуір марқайып қалды. Т.Сәу. ~ Өзінің жалғыз басты тірлігіне ажырғыдай телінген азапты күндерін ойлағанда бүгінгі еркін тірлікке көңілі марқайып, мәз болды. Б.Жұм.