Posted in

КӨҢІЛІ МАС

Әлденеге шаттанған адамның кейпі. ~ Көктем исін үй ішінен де анық сезіп, «көзі ұйқыда, көңілі мас» қозғалмай жатыр. Ә.Нұрп. ~ Қыранының иесі қасіретін сезбеді, Көңілі мас адамға сезетін де кезбе еді. Кетірмеген жан болып қыранының бап күйін. Көңілі шат құсбегі көп кешікпей тапты үйін. Д.Әбілқ.