Оқыс қапаланды, жабырқау тартты. ~ Сүттей ақ телефон шылдыр ете түскен. Сол-ақ екен күпті көңілі нілдей бұзылып, не істерін білмей дағдарған. А.Алт. ~ … ол бағана Матёрадан жайбарақат жүріп кеткен, ал, қазір кенеттен көңілі алабұртып, нілдей бұзылып тұр. В.Рас. ~ Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты. Ғ.Қож. ~ Үнімізді шығармастан қыстыға жылап жібердік. Алданыш есегіне жаны ашып егілсе, мен оның өзін аяп, көңілім нілдей бұзылды. Қ.Бегм.
