Posted in

КӨҢІЛІ ПӘС (ПӘСЕЙДІ) БОЛДЫ (ТАРТТЫ)

Мұңайды, қайғырды, көңіл қошы болмады. * Адамның ішіндегісін айтқызбай танитын сұңғыла қайнысы бұның көңілінің пәс болып тұрғанын ұғып … Ш.Құм. * Бүгін қолы жеткен болмашы бірдеңеге мәз боп бөркін аспанға атқан адам ертең әлдебір шаруасы ойлаған жерден шықпаса, құдды суы тартылған көлдей көңілі пәс бола қалатыны не? Неге сүйтеді? Ә.Нұрп. ~ Алдабергеновтің назары төмен түсіп, көңілі пәс боп қалды. С.Бақб. * Ол кезде адам аз ба, әлде адамдардың бойындағы тойымсыздық аз ба, әйтеуiр одан ешкiм орынсыз отын шауып, балта сiлтемейтiн, — дедi мосқал жүргiзушi әлденеге қамыға көңiлi пәс тартып. Ж.Шағ. * Көңілі пәсейіп қалған Әсет отырғандарға тағы да жағалай қарап шықты. С.Мұр. ~ Көңілі пәс тартты қолма-қол. Келісті тұлға бүгінде зым- зия. Аяғы ақсақ, көзі шапыраш. Ө.Кәр.