Posted in

КӨҢІЛІ САБЫНДАЙ БҰЗЫЛДЫ

Бастапқы ойынан айныды, сөзінде тұрмады. * Бірақ шешесінің көңілі сабындай бұзылып, баланы алғанды қойып, айтып сояр ақсарбасына да аялдамай, аттанып кеткен-ді. Е.Мұх. ~ Міне, сол той өте салысымен-ақ Мәуленнің көңіл күйі сабындай бұзылып, отыз жастан баяғыда асып кетсе де, тал шыбықтай бұралып тұратын келіншегі Зылихаға да, анасы мен баласына да суық тартып, олар тілдесе қалса, танауының астынан міңгірлеп сөйлейтін мінез шығарған. Ә.Қай.