Еңсесі түсіп кетті. ~ “Бір көрмеге тәп- тәуір”, Қалай айтты? Әдейі айтты ма, сөз реті солай келді ме? Жарқыңның тасыған көңілі сап басылды. С.См. ” ~ … жолын жайпап келе жатқан нөсер дауылының алдынан жартас көлденеңдегендей, алқын-жұлқын дөңбекшіген көңілі сап-сап басылып қалғанын сезіп отырмын. Д.Дос. ~ Тінібектің бұл жауабы Анажарды қақ маңдайдан қайқайтып соғып жібергендей болғаны сонша өрекпіген көңілі сап басылып сүлесоқ қана: — Білмеймін, – деді де қасындағы орындыққа отыра кетті. Е.Әл.
КӨҢІЛІ САП ТЫЙЫЛДЫ
Көңілі пәс тартып, ойынан қайтты. ~ Жанынан шықпай тұрған кішкентай балармен жүгіре жөнеліп, ойнап кеткісі келіп тұрған көңілі де сап тыйылды. Т.Нұрм. ~ Жанынан шықпай тұрған кішкентай балармен жүгіре жөнеліп, ойнап кеткісі келіп тұрған көңілі де сап тыйылды. М.Мұқ.
