Posted in

КӨҢІЛІ СЕРГІДІ

Жан-дүниесі жәй тапты, жадырады. ~ Өстіп өзімді өзім азаптаумен күндер өте берді. Ішімдіктен көңіл сергімейтінін сонда білдім. Ж.Нәж. ~ Қайғыдан кемпірдің көңілі азырақ сергіген уақытта екеуі де баланы ермек қылып, алдарына алып, алданыш еткен болады. М.Әу. ~ Мұндайда адамның азға қанағат етері де заңды нәрсе. Бірақ жалғыз сәтке болса да көңілің сергіп, жаның жайлау табады. Ж.Нәж. ~ Соңғы сөзін жүре сөйлеген Сағынбай шаба жөнелді. Ұлтуғанның көңілі едәуір сергігендей боп қалды. С.Мұр.