Posted in

КӨҢІЛІ (СУДАЙ) ТАСЫДЫ

Шаттанды, бойын қуаныш кернеді. * Барындар, қарақтарым, барындар,- деді ол көңіл тасып. — Ең алдымен Қантай әжелеріңнің бақшасын шөптеп беріндер. Жалғыз ілікті кәрі адам ғой, батасын алындар. С.Ом. * Қой маңырап, сиыр мөңіреп, маң-маң басып, Келеді еркін жүріп, көңілі тасып. Б.Май. * Күні кеше Сүлейменмен құда түсіп, жылы емеурін көріп көңілі судай тасыған Қорамса баласының төбесінен жай түсіргендей лаңын естігенде қатты шөгіп қалды. С.Жүн. * Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ, Көңілі судай тасып, оттай маздап. І.Жанс. * Оймақ ауыз, гауһар көз, Іздеген ерге келді кез, Көңілі судай тасыған. “Қыз-Жібек”