Әлденеге уайым шегіп, көңілі құлазып тұр. * Іштегі ескі жалынды Сөндір жаңа қылықпен. Сөйлесші жақсы, жағымды Мендей көңілі сынықпен. Абай. * – Жасымнан жетім едім көңлі сынық, Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, Харекетім – суретші, бояушылық. Абай. ~ Бір күні қолға түсіп, өліп кетсең, Құныңа тұрар ма, сол жеген тауық? Түлкі айтты төмен қарап, пақырсынып, Ақ пейіл сопыларша көңілі сынық. А.Байт. ~ Мөржан. Сенің қабағыңа қарап, Нарша да жүдеп отыр дейді. Оның да көңілі сынық сияқты маған. М.Әу. * Кәрiптердiң жалғанда көңлi сынық, Байларменен жүруге жолы тұйық. “БС. “Бозжігіт”
