Posted in

КӨҢІЛІ ТОҚ

Іштей ырза; көңілі жайлы, алаңсыз.. * Қайыр сұрап, салмақ салып, ел үстінен күн көріп жүретін бейшара да жан емес, бір киері қай уақытта да бүп-бүтін, тап-таза, көңілі тоқ, ниеті ақ, күпіршілігінен шүкіршілігі мол адам еді ол. Д.Әш. * Тағы да «Мен!». «Меншігім болуың керек еді» дейді. «Мен осындай болдым, ал сенің көңілің тоқ» дейді. Т.Әс. * … көңілі тоқ адам көп сөйлемейді, сосын, әдетте, көлгірсімейді, ну орман тәрізді жайнаған тіршіліктің жасыл шуылын тыңдап, міз бақпай, үнсіз тұра береді. Д.Аман. * Ағасынан қалған балаларды алаламағаны үшін Малыбайдың да жеңге алған әйеліне көңілі тоқ. Момындау тегіне басып, алдынан көп шыға бермейді. К.Қаз. * Жайсаңбек ұсталса, Бұл үйде — күн қараң! Адымы қысқарса, Мен қалай құр қалам?! Киетін киімі, Ішетін асы жоқ. Келіп тұр қиюы, Сөз бітті, көңіл тоқ! Б.Тоғ.