Posted in

КӨҢІЛІ ТҮЗУ

Ойы, ниеті дұрыс. ~ Оны қазақ большевиктері біліп істеді деу ағаттық болар еді. Өйткені Октябрьге келген большевиктердің көбі көңілі түзу, көкірегі ақ болғанымен, көргені-білгені, оқығаны-тоқығаны аздау, шала түсініктілеу, мен сияқты еді. Б.Қыд. ~ Бара алмай жатырмыз, ренжіме Ақан, – деп көңілі түзу Бегалы баласы Жанболат пен тағы бір-екі адам кешірім өтінгендей кішірейе сөйлеп еді. С.Жүн.