Ықылас танытты, оң шырай білдірді, мейірі түсті. ~ Дағыстан Кавказдағы Кәрі Жүсіп, Қисса ғып айтқым келді көңілім түсіп. А.Аб. ~ Алматы барған соң інісі мен қарындасына оқып береді. Көңілі түссе Серік пен Сережаға да беріп қалуы ықтимал. М.Қаб. ~ Апаң екеуіміз қол ұстасып барғанда не үй-күйіміз, не ағайын-туысымыз жоқ, жападан-жалғыз едік. Құдай беріп, әлгі екеуінің бізге көңілі түсіп, бірден қамқорлыққа алды. А.Жақ.
- Қапа болды. ~ Бағана, Нұрғазы оқуға барасың дегенде, ойынды қимай, көңілім күрт түсіп кеткенін есіме аламын. Б.Соқ.
