Кеудесіне нұр құйылды, шаттанды, қабағы ашылды, көңілі көтерілді. ~ Жанағы сөздерімнің артын байла, Жазғырар сендей тентек текке ағасын! Деді де, шыға берді жай-жай басып, Манағы жігіт көңілі шайдай ашық. Ғ.Қай. ~ Киімімді ауыстырғаным сол еді жұбайым ауруынан құлан таза айығып, көңілі шайдай ашыла кетті”, – дейді кейіпкеріміз. БАҚ. ~ Алдаусыратып жіберсең, балаша бұртиған көңілі шайдай ашылып, назары өзгеге ауып, көңіл-күйлері сап өзгереді. БАҚ. * «Бұл – ойыншық, алда зор насыры әлі, Ақ патша да аяққа бас ұрады. Ақау, айдай, ашылар көңіл шайдай!..» Ж.Молд.
