Шаттанды, кеудесіне қуаныш ұялады. ~ Хош иісті, кілем түсті, кең далада жақсы атпен жортып келе жатқан Мейрам көңілі шалқып әнге басты. Ғ.Мұст. ~ Айлы түн еді. Төсектен тұрып, кереует шетінде отырған. Ботабек келіншектің жалаңаш белінен құшақтап, қорғасындай балқып, көңілі шалқып тасып отыр. Н.Сер. ~ “Қазанға ет сала салғаным қандай жақсы болды!” — деп ойлады Гүлсім. — Кәкіштің көңілі шалқып отырғанда мыналардың келгені де қандай жақсы болды…” Ә.Тар. ~ Сол бір кештен кейін Мерғали мен Бәтима оңаша жолығысып жүрді. Мерғалидың көптен бері көкейіне кестелеп тоқыған асыл арманына қолы жеткендей, қуаныштан көңілі шалқып, жаны жадырап жүрді. Ү.Жәл. ~ Жер-жаһанды шарлап, көңілі шалқып қайтқан Нұрбайдың екі езуі екі құлағында. Б.Тоғ. ~ Қонақ көбейген сайын оның көңілі шалқи түсті. К.Өтж.
